ХВҚ-ның жаңа болжамында мұнай бағасы біршама төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2017 және 2018 жылдардағы мұнайдың халықаралық бағасының болжамын шамамен 3 долларға, яғни алдыңғы болжаммен салыстырғанда - барреліне 51,9 және 52 долларға дейін төмендетті, деп хабарлайды Риа Новости.

«Мұнай бағасы АҚШ-тағы мұнай қоры деңгейінің жоғарылуы және ондағы ұсыныстардың артуына байланысты төмендеп отыр. Жалпы құнсыздану сондай-ақ, 2016 жылдың екінші жартысында болған биржалық тауарлар бағасының өсімі әлсіреуінен төмендеуде және әлі де орталық банктердің көбінесе экономикасы дамыған елдердің мақсаттық көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен», - деп түсіндіреді қор сарапшылары.

Нәтижесінде, «фьючерс нарығына негізделген болжамды баға (2017 жылдың 1 маусымынадағы жағдай бойынша) 2017 жылы 51,9 АҚШ долларын, 2018 жылы 52 АҚШ долдарын құрайды.

ХВҚ-ының сәуір айындағы болжамы 2017 жылғы мұнайдың халықаралық бағасын керісінше шамамен 4 долларға - барреліне 55,23 долларға дейін, 2018 жылы - 2 долларға, яғни барреліне 55,06 долларға дейін арттырды, деп хабарлайды Риа Новости.

Соңғы жаңалықтар