HUNAN TV бас директоры: Біз Димаштың талантына тәнті болдық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - HUNAN TV  телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин  мырза «Singer-2017» байқауының финалын тамашалау үшін Қытайға келген ресми қазақстандық делегацияны қабылдады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.   

Вице-министр Ақтоты Райымқұловамен әңгімелесу барысында Люй Хуанбин қазақстандық өнердің әлеуетіне өте жоғары баға берді. "Біздің байқауда Димаш Құдайбергеновтің сәтті өнер көрсетуі қазақстандық әншілік өнердің жоғары деңгейін көрсетеді. Біз оның дарынына тәнті болдық", - деді ол.

Димашты қолдау үшін келген қазақстандық делегация құрамында Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева, "Астана опера" театрының директоры Ғалым Ахмедияров, Асхат Маемиров, Димаштың ата-анасы - Қанат пен Светлана Айбаевтар бар. Делегацияға Қытайдағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев те қосылды.

Еске салсақ, кеше қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Singer 2017» байқауының финалында екінші орын алды. Финалда Димаш пен қытайлық әнші Шан Вэньцзе Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындады.

Соңғы жаңалықтар