Хорватия Қазақстанның әлеуметтік бастамаларын құптайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істері министрінің орынбасары Амир Мухаремимен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Елші хорват тарапына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы туралы айтты.

Хорват министрі Елбасының әлеуметтік бастамаларын құптады. Оның айтуынша, ауқымды әлеуметтік бағдарламарды жүзеге асыру екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастыққа қолайлы жағдай жасайды. Атап айтқанда, хорват тарапы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халық үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысына қатысты бірінші президенттік бастаманы іске асыруға жәрдемдесуге дайындығын білдірді.

Дипломат жоғары білім сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында үшінші президенттік бастаманы жүзеге асыруда ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болып өтті. Елші Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (РСАА) қол қойығаны, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметі, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да маңызды мәселелер туралы хабарлады. Екі ел арасындағы БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар