Хорватия Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен құттықтады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының елшісі Төлежан Барлыбаев Хорватия Республикасының вице-премьері - Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Буричпен кездесті.

Кездесу барысында Хорватия Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен құттықтап, алдағы уақытта қазақстандық дипломаттарға табыстар тіледі. Хорватия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2031-2032 жылдары тұрақты емес мүшесі болуға қозғалыс ұсынды.

Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай М. Пейчинович-Бурич екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму келешегіне жоғары баға берді. Өзара сауда-саттықтың өсуі байқалды, оның көлемі 2017 жылы қазақстандық статистика бойынша 325 млн доллардан асты. Өткен жылдың қазан айында өткізілген ведомствоаралық консультациялардың маңызы зор болды, нәтижесінде 2018-2020 жылдарға арналған екі сыртқы саяси ведомство арасындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Хорватияның СІМ басшысы Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің табысты ұйымдастырылуын атап өтті және Хорватия азаматтарына 30 күнге дейін визасыз режім енгізу үшін қазақстандық әріптестерге алғысын білдірді.

Елші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өніркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктері» Жолдаудың мазмұны туралы мәлімет берді. Құжатта көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асырылуы  екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Отандық дипломат Сыртқы істер министріне құқықтық базаны кеңейту, сыртқы саясат пен салалық ведомстволар арасындағы байланыстарды жандандыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар маңызды келісімдердің күшіне енуі үшін ішкі заңнаманы жетілдіру және құқықтық базаны жетілдіру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстандағы Хорватия Елшілігінің жоспарланған ашылуымен және Хорватия өкілдерінің XI Астана экономикалық форумына, Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне және басқа да іс-шараларға қатысу мәселелері талқыланды. 

Соңғы жаңалықтар