Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатын жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Францияның Куршевель қаласында хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде отандастарымыз алғашқы ойынын жеңіспен бастады,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында «А» дивизионында Германия құрамасын 3:2 есебімен ұтты.

Енді бүгін Қазақстан жастар құрамасы Латвиямен екінші ойынын өткізеді. Ол Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік , әлем чемпионатының «А» дивизионында Қазақстаннан бөлек Франция, Германия, Латвия, Венгрия және Австрия құрамалары қатысуда. Әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан жастар құрамасының тізімін кеше ұсынған болатынбыз. 

Қазақстан-U20 - Германия-U20 3:2 ОТ (0:0, 0:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 20:58 Чарли Янке (Бокк)

1:1 - 42:43 Самат Данияр (Орехов)

2:1 - 45:11 Самат Данияр (Бекетаев)

2:2 - 58:43 Леон Гаванке (Вальтер)

3:2 - 63:57 Артур Гатиятов (Орехов)

Соңғы жаңалықтар