Хоккейден Қазақстан құрамасы - Еурочеллендж жеңімпазы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаның Катовице қаласында хоккейден Қазақстан құрамасы Италиядан басым түсіп, Еурочеллендж жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ойын 1:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут қалғанда Италия үзіліс алып, айдынға алтыншы ойыншысын шығарды.

Соған қарамастан Қазақстан құрамасы барын салып кездесудің соңғы сәттерінде жеңіс шайбасын соқты. Гол авторы - Никита Михайлис.

 

Соңғы жаңалықтар