Хоккейден Қазақстан чемпионаты: Алматылықтар «Астана» командасын ойсырата ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Halyk Arena мұз айдынында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңінің кезекті ойындары өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Алматы xоккей клубы өз алаңында елордалық «Астана» командасымен екі матч өткізіп 12:1 және 7:0 есептерімен ұтты. Бірінші күні өткен ойында алматылықтардың сапынан Цирулев 29-шы секундта есеп ашты. Одан соң  Спиридонов, Казначеев, Мазунин, Борисенков, Смоилов есепті еселеді. Евграфов, Рахманов, Ядрышниковтың қос голдан салып, басымдықты арттырды. Ал, қонақтардың атынан жалғыз шайбаны Хрестьяновский салды.

Екінші кездесуде де алаң қожайындары қарсыластарынан басым болды. Казначеев, Евграфов, Шерстюков, Абрамочкин, Ядрышников, Рахманов, Алдамжаров сынды ойыншылардың соққылары қақпаға дәл тиіп, есеп 7:0 болды. 

«Барлық ойындар біз үшін маңызды, себебі осылар арқылы біз плей-оффқа дайындалудамыз. Қарсыластарымыз жақсы болды, тәжірибелі әрі жас ойыншылар екені көрініп тұр. Бізде бірнеше гол салатын мүмкіндіктер болды, бірақ пайдалана алмадық», - деді «Алматы» ойыншысы Никита Цирулев.

Айта кету керек, 18-19 қаңтар күндері алматылықтар «Теміртау» командасына қонаққа барып, ал 23-24 қаңтарда өз алаңдарында «Құлагерді» қабылдамақ.

Соңғы жаңалықтар