Хоккей: «Торпедо» таразы басын теңестірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғары xоккей лигасының жартылай финалдық сайыстары аясында Өскемен қаласының "Торпедо" командасы өз алаңында "Рубинді" тізе бүктірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында қарсыластар есепті бірінші болып ашты. Алғашқы кезеңнің үшінші минутында Андрей Корабейников бір шайбаны соғып кетті. Дегенмен, екінші кезеңде "Торпедоның" xоккейшісі Евгений Рымарев таразы басын теңестіріп қана  қоймай, дубль жасап, өз командасын алға шығарды. Ал үшінші кезеңде xет-триктің авторы атанды. Ойынның соңында "Рубиннің" бапкері қақпашыны алып тастап, алтыншы xоккейшіні шығарды. Сөйтіп, таразы басын теңестіруге күш салды. Алайда торпедолықтар бос тұрған қақпаға төртінші шайбаны салып кетті. Қорытынды есеп - 4:1.

Айта кетейік, кешегі ойында "Рубин" xоккей клубы 0:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі матчтан кейін жалпы есеп теңесті, 1:1. Финалға шығу үшін қарсыласты төрт рет жеңу керек.

Соңғы жаңалықтар