Хоккей: «Номад» жартылай финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігінде «Номад» жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Плей-офф кезеңіндегі өткен төртінші ойында «Номад» «Алматыны» 3:2 есебімен ұтып, жартылай финал жолдамасына қол жеткізді.

Енді жартылай финалдағы «Номадтың» қарсыласы «Ертic» пен «Құлагер» жұбының жеңімпазы болмақ.

Жартылай финалдың алғашқы кездесуі 30-шы наурыз күні Астана қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар