Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54

Хоккей: «Барыс» сырт айдында «Югра» командасын тізе бүктірді

Хоккей: «Барыс» сырт айдында «Югра» командасын тізе бүктірді
2017 жылғы 12 қазан 22:40 354

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуін Астананың «Барысы» Ханты-Мансийск қаласында «Югра» командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, астаналықтар бұл жолы да команда капитаны Найджел Доус, Кевин Даллмэн, Даррен Дицсіз ойнаса да, матчты қарқынды өткізді. Кездесу басталысымен-ақ Талғат Жайлауов есеп ашса, 5-минутта Константин Пушкарев мергендік танытып, 2:0-ге жеткізді. Содан кейін 18-минутта Мэттью Фрэттин сан басымдылығын пайдаланса, бірінші кезең аяқталуға санаулы секундтар қалғанда, «Югра» хоккейшісінің өрескел қателігінен кейін Владимир Маркелов қақпаға жекедара шығып, төртінші шайбаны соқты.

Екінші кезеңде Никита Михайлис есепті 5:0-ге дейін жеткізгенімен, айдын иелері де қарап қалған жоқ. Олар сан басымдылығын екі мәрте (гол авторлары Илья Шипов пен Максим Пестушко) пайдалана білді. Үшінші кезеңде есеп өзгере қойған жоқ.

Осылайша, кезекті жеңісіне қол жеткізген «Барыс» 35 ұпаймен Шығыс конференциясында төртінші орынға шықты. Е.Корешковтың шәкірттері келесі кездесуін 14 қазанда Астанада «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен өткізеді. 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер