Хоккей: «Барыс» өз айдынында Мәскеудің «Динамосынан» ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойынында Астананың «Барысы» өз айдынында Мәскеудің «Динамо» командасын қабылдап, 3:5 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Матчтың бірінші кезеңінде қонақтар әбжілдік танытып, 5-минутта Никита Комаров алғашқы болып есеп ашты. Екінші кезеңде 25-минутта астаналық Константин Пушкарев таразы басын теңестірді. 31-минутта Мартиньш Карсумс «Динамоны» алға шығарса, 5-минуттан кейін «Барыстың» капитаны Найджел Доус есепті қайта теңестірді. Алайда екі минут өтер-өтпесте «Барыстың» бұрынғы ойыншысы Дастин Бойд «Динамоға» бір гол сыйлады.

Үшінші кезең басында астаналықтар сан басымдылығына ие болғанымен, Н.Доустың соққысын «Динамо» қақпашысы Иван Бочаров қайтарды. Дегенмен көп ұзамай, 48-минутта Найджел Доус қақпа алдындағы қарбалас сәтті тиімді пайдаланып, осы кездесудегі екінші голын соқты. Бірақ мәскеуліктер де қарап қалмай, Андрей Алексеев мергендік танытты. Сосын Даниил Тарасов бос қалған қақпаға шайбаны сүңгіте салып, есепті 5:3-ке жеткізді.

Айта кетейік, Евгений Корешковтың шәкірттері келесі ойынын «Барыс-Аренада» 25 қыркүйек күні ҚХЛ-да көш бастап келе жатқан СКА (Санкт-Петербор) командасымен өткізеді. 

Соңғы жаңалықтар