ХОККЕЙ: «Айсұлу» Қазақстан чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалында «Айсұлу» командасы астаналық «Томиристі» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақпараттық спорт хабына сілтеме жасап.

null null
«Осылайша, астаналықтар күміс жүлдеге қол жеткізсе, өскемендік «Торпедо» қоланы қанағат тұтты. Чемпионаттың үшінші кезеңінде барлық кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Айсұлу» финалда да өз қарсыластарына шайба соғуға мүмкіндік бермеді. Александр Мальцев шәкірттері абсолютті жеңімпаз екеніндерін дәлелдеді. Шешуші ойында Мадина Тұрсынова мен Зарина Тухтиева мергендігімен көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады», - делінген ресми хабарламада.
null null null  

Чемпионаттың нәтижесі бойынша «Айсұлу» командасының қақпашысы Арина Щеколова «үздік қақпашы» атанса, Малика Алдабергенова «үздік шабуылшы» мәртебесіне ие болды. Ал «Томиристің» хоккейшісі Дарья Нитейская «үздік қорғаушы» ретінде танылды.
null  

«Бүгінгі ойын қиын өтті. Астанадан келген қарсыластарымыз соңына дейін берілмей ойнады. Шешуші кездесуде тек екі шайба соға алдық. Алайда, біз одан да көп соғамыз деп ойлағанбыз. Төрешілер мені осы маусымның ең үздік қақпашысы ретінде таңдағаны үшін алғысым шексіз. Әрине, бұл қуантарлық жайт», - дейді үздік қақпашы Арина Щеколова.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және кубоктар табысталды. 
null null null null  

Соңғы жаңалықтар