Хоккей: «Арлан» өз айдынында «Құлагерді» ұтты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Петропавлдың «Құлагер» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан чемпионаты шеңберінде өткен ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Қос команда ойыншыларын да шайба салатын мүмкіндік болды. Алайда, қақпашылардан айласын асыра алмады.

Артынша, овертаймда «Арлан» ойыншысы Бурделёв (Воробьёв) 61:27 минутта осы кездесудегі жалғыз шайбаны салып, алаң иелеріне маңызды жеңісті сыйлады.

Соңғы жаңалықтар