Хоккей: Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бапкерлер штабы хоккейден Әлем чемпионатына баратын команда мүшелерін анықтады.

Оған кіргендер.

Қақпашылар: Хенрик Карллсон, Дмитрий Мальгин, Сергей Кудрявцев (бәрі - «Барыс»).

Қорғаушылар: Максим Семенов. Кевин Даллмэн, Артемий Лакиза, Кирилл Полохов, Мадияр Ибрайбеков, Валерий Орехов (бәрі - «Барыс»), Леонид Метальников («Торпедо»).

Шабуылшылар: Роман Старченко, Иван Кучин, Никита Михайлис, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов, Антон Сагадеев, Владимир Маркелов, Егор Петухов, Дмитрий Гурков, Алихан Әсетов (бәрі - «Барыс»), Павел Акользин («Арлан), Максим Волков («Құлагер»), Евгений Рымарев («Торпедо»).

Төрт ойынша Қазақстанға қайта оралады.  Соңғы жасақталған құрамға Егор Шалапов, Самат Данияр, Аркадий Шестаков, Кирилл Савицкий кірмей қалды.

Будапешттегі  әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының кестесі:

22 сәуір, 20:00. Венгрия - Қазақстан
24 сәуір, 20:00. Қазақстан - Ұлыбритания
25 сәуір,  16:30. Италия - Қазақстан
27 сәуір, 20:00. Қазақстан - Словения
28 сәуір, 16:30. Қазақстан - Польша.

Соңғы жаңалықтар