ХКБ Әзербайжанның EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін қарауда

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Халықаралық көрмелер бюросының миссиясы (BIE) EXPO-2025 көрмесін өткізу жөніндегі өтінішін бағалау үшін Әзербайжанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Миссия өкілдері Бакуде 19 сәуірге дейін болады. Осыған дейін Осака (Жапония) мен Екатеринбургтің (Ресей) өтініштері бағаланған болатын.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік әмбебап EXPO-2025 көрмесін өткізуге Баку (Әзербайжан), Екатеринбург (Ресей) және Осака (Япония) басты үміткерлер болып отыр. Әзербайжан көрменің тақырыбын «Адам капиталын дамыту, жарқын болашақ жолындағы даму» деп атауды ұсынып отыр. Әзербайжан Baku EXPO-2025 көрмесін 10 мамыр мен 10 қараша аралығында өткізуге дайын.

Жеңімпаз мемлекетті Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы 2018 жылдың қарашасында ұйымға мүше 170 мемлекеттің өкілдері дауыс бергеннен кейін анықтайды.



Фото: expo2023.info

Соңғы жаңалықтар