17:01, 13 Қаңтар 2018 | GMT +6
Hilton Astana қонақүйінде электр сымынан өрт шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Hilton Astana» қонақүйінің жылу торабында электр кабелі жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.
«13 қаңтар күні 03:00-дер шамасында «Hilton Astana» қонақүйінің жылу торабында 10 қума метр электр кабелі өртенді. Өрт 03:42-де ауыздықталып, 03:52-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - дейді Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Тілсіз жауға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.