Хильберто Рамирес: Головкин мықты боксшылардың бірі, онымен айқасқым келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы  Хильберто Рамирес (35-0, 24 КО)  өз сұхбатында  орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасындағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келетіндігін мәлім етті, деп жазады Fino Boxing.

«Біз бірге жаттықтық, бір-бірімізді білеміз. Ол жақсы адам. Онымен рингте кездескім келеді, мен үшін  P4P боксшыларының ішіндегі ең үздігі. Сонымен қатар егер Чавесті жеңер болса, «Канеломен» де айқасқым келеді. Чавес басым түссе онымен де кездесуге дайынмын»,-деді Рамирес.

 Еске сала кетсек, Рамирес  украиндық Макс Бурсакты (33-5-1, 15 КО) жеңіп,  өз титулын  қорғағаннан кейін  бірден Головкинді жекпе-жекке шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар