Хеопс пирамидасының жасырын бөлмелері табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хеопс пирамидасының жер қойнауларында халықаралық ғалымдар тобы бұрындары адам баласына беймәлім болған екі жасырын бөлмені тапты. Ежелгі мазардың бұл бөлмелер инфрақызыл сәулемен сканерлеу арқылы және мионды томография жасау барысында анықталған, деп жазады massaget.kz.

Бөлменің біреуі кіретін есіктердің солтүстік жағында болса, екіншісі - солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл жасырын бөлмелердің бір-бірімен байланысы бар болуы мүмкін. Зерттеулердің қорытындысы зертханаға жіберіледі, онда мамандар виртуалды моделдеу арқылы бөлмелердің ауқымын анықтайтын болады.

 

Айта кетейік, бірнеше археологтар жаңа табылған бос орындардың бөлме еместігін айтады. Олардың айтуынша, бұлар фараонның жасырын бөлмесі емес, небәрі тас қалаудағы қателіктер. 

Scan Pyramids жобасының аясында Египеттен және Франциядан келген ғалымдар Гизадағы Хефрена пирамидасын және Дахшурда екі пирамиданы зерттеп жатыр екен.

Соңғы жаңалықтар