«Хайвилдағы» адам өмірін жалмаған өрт оқиғасына ешкім кінәлі болмай шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр жазда «Хайвил» тұрғын үй кешенінде орын алып, шетелдік мұғалім мен оның жанұясының өмірін жалмаған өртке ешкім кінәлі болмай шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. 

Астана қаласы Ішкі істер департаменті арнайы сараптама жұмысынан кейін осындай шешім шығарған.

«Өрт оқиғасы толықтай зерттелді. 2017 жылы 14 маусымда Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс өндірісі қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттің болмауына байланысты тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында арнайы сараптамалар тағайындалды» делінген ІІД хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылы «Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт болып, ыс тиюден 4 адам қаза тапқан еді. Оның 2-еуі - бала. Кейін анықталғандай, олардың бәрі бір жанұяның мүшесі болған. 

Соңғы жаңалықтар