Харьковта бір топ адамды таптап өткен бойжеткен көлік жарысына қатысқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Украинаның Харьков қаласының орталығында жол талғамайтын «Lexus» көлігі адамдарды таптап кеткен еді. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Фейсбуктегі парақшасында  осы оқиғаға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кеше Харьковта болған қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталды. Бұл видеоны көрген адамдарда да, менде де мынадай сұрақ туындады: Неге «Лексус» көлігінің тізгініндегі бойжеткен соқтығысқан сәтте тоқтауға ұмтылмады? Видеобақылау камераларындағы таспаны көргеннен кейін бәрі белгілі болды. Жол талғамайтын «Лексус» машинасы кешкі Харьковтың көлік жарысына қатысқан», - деп жазды ІІМ кеңесшісі.

Айта кетейік , жол-көлік оқиғасы 18 қазан күні сағат 20-45-те Украинаның Харьков қаласында  болған. Оқиғаның салдарынан 11 адам зардап шегіп, алтауы қайтыс болған. Жол талғамайтын көлік өзге көлікпен соқтығысқаннан соң, жол жиегіне шығып кеткен және ол бағдаршамның қызыл түсіне жылдамдықты шектен тыс асыра кетіп бара жатқан. Көлікті басқарып отырған жүргізуші бойжеткен ұсталды.

Соңғы жаңалықтар