Харьков қаласында әйел мінген джип бір топ адамды таптап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Харьков қаласының орталығында жол талғамайтын «Lexus» көлігі адамдарды басып өтті, делінген Харьков қаласы полициясының хабарламасында. Бұл туралы Риа Новости агенттігі хабарлады. 

"Жол-көлік оқиғасы 18 қазан күні сағат 20-45-те Сумский көшесінің бойында болды. Оқиғаның салдарынан 11 адам зардап шекті", - делінген полицияның Facebook-тегі парақшасында.

ІІМ-нің кеңесшісі Антон Геращенконың сөзінше, зардап шеккендердің 6-ауы қайтыс болған.

Ведомство өкілдері, сондай-ақ, жол талғамайтын көлік өзге көлікпен соқтығысқан соң жол жиегіне шығып кеткен және ол бағдаршамның қызыл түсіне жылдамдықты шектен тыс асыра кетіп бара жатқан. Көлікті басқарып отырған жүргізуші әйел ұсталды.

Оқиға орнына Харьков жедел-тергеу тобы барды. Полиция жолда жүру ережесін бұзу әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар