Халықты жұмыспен қамту туралы заң жобасы сынға ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық тау-кен өндірісі мен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Николай Радостовец жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовадан Халықты жұмыспен қамту туралы Заң жобасын Парламенттен қайтарып алуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, әзірленген заң жобасы жұмысқа орналасу мәселелерін түбегейлі шешпейді.

«Бұл нұсқа есеп пен мониторингтен ғана құралған, онда жұмысқа орналасқысы келетіндердің жұмыс тауып кете алуына жеткілікті стимул жоқ. Қазір жаңа жұмыс орындары бойынша жағдайды әділ бағалап, цифрландыру талаптары мен ДСҰ сәйкес өзгерістерді ескеріп, жұмыспен қамту туралы заңды Парламенттен кері қайтарып алу керек. Бұл редакциядағы заң біздің алдымызға Президент қойған сұрақтарға жауап бере алмайды», - деді Н. Радостовец министрлік алқасының кеңейтілген отырысында.

Ол Қазмырыш, Қазақмыс, ERG сынды тау-металлургиялық компанияларда цифрландырудың басталып кеткенін айтты. Осыған байланысты біраз адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Егер компаниялар кәсіподақпен және министрлікпен бірлесіп, дәл осы қысқартуларға дайындалып жатса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тиімділігі аз тобы мәселесі өзекті күйінде қалады.

Өз кезегінде министрлік лауазымына жаңадан тағайындалған Мәдина Әбілқасымова айтылған ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.

«Қазір Парламентте жатқан Халықты жұмыспен қамту туралы Заң жобасы көші-қон саласындағы құзіреттерді бөлу мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметіне көмектесу бойынша жекелеген қызмет мәселелерін шешуге бағытталған. Тез арада енгізілуі тиіс басқа да мәселелерді шешу үшін осы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр. Әрине, біздің салаға қатысты ұсыныстардың барлығын ескеретін боламыз», - деп жауап берді ол.

Соңғы жаңалықтар