Халықты сақтандыру жүйесі қалай өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Министрлер кабинетінің кезекті отырысында сақтандыру қызметі мен сақтандыру мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістерді енгізу жайы сөз болды. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев заңнаманың қалай өзгеретінін түсіндіріп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші өзгеріс ол - онлайн сақтандыру жүйесін енгізуге қажетті нормативтік базаны әзірлеу. Өкінішке қарай, қазіргі заңнама аталған жүйені енгізуге жол бермей отыр. Ал оның атықшылықтары көп. Жеке және заңды тұлғалар сақтандыру компаниясының кеңсесіне сабылып жүрмейді. Енді бәрін ұялы телефон, я болмаса, компьютер арқылы жасауға болады», - деді Ақышев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, екінші өзгеріс туристік қызметті сақтандыруға қатысты. Оған сәйкес, шетелге шығатын туристің барлық мүлкі сақтандыруға жатады. Сапар кезінде нақты қауіп-қатерлердің тізімі де болады.

«Қазіргі заңнама бойынша турист қайтіп келіп, өз құқығын сотта дәлелдеуі тиіс. Ал қауіп-қатерлердің нақты тізімі болса, сақтандыру төлемақысын шетелде жүріп, ала беруге мүмкіндік бар», - деп атап көрсетті Бас банкир.

Бұдан бөлек, сақтандыру уәкілінің қызметі кеңейе түседі. Қазіргі кезде оның өкілеттілігі тек автосақтандыруға жарымды болса, алдағы уақытта сақтандырудың барлық түрлеріне қолданылатын болады.

Айта кетейік, брифинг кезінде Бас банкир теңге бағамына қатысты өз болжамын да жариялады. Оның айтуынша, қазіргі кезде валюта айырбастау бекеттеріне жаппай жүгіріп, одан табыс көрудің қажеті жоқ . 

Соңғы жаңалықтар