Халыққа жыл сайын 40 мың жер телімін таратуымыз қажет - Марxабат Жайымбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Марxабат Жайымбетов биыл берілетін жер учаскелерінің санын нақтылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет басшысының айтуынша, биыл қаржы бөлінсе, кем дегенде, 40-50 мың жер учаскесіне инфрақұрылым желілерін тарту жоспарланған. «Қазіргі келген 40 млрд-тың ішінде 15 млрд теңгені ғана ЖТҚ-ға (жеке тұрғын үй құрылысы), яғни 15 мың учаскеге (инженерлік желілерді тарту үшін - авт.) деп отыр. Бұл - әкімдіктердің есебі. Негізі, біз тағы да 40 млрд аламыз деп отырмыз. Өйткені жыл сайын «Нұрлы жер» бойынша 80 млрд теңге берілуі керек. Біз, кем дегенде, 40 мың учаскеге инфрақұрылым апаруымыз қажет. Әкімдіктер әлі де өз есептерін береді. Қазіргі құжаттар бойынша 15 мың учаске беріледі деген жоспар бар. Жалпы, осы көрсеткішті 40 мыңға дейін жеткізуіміз керек», - деді М.Жайымбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, жер учаскелері Алматы мен Астана қалаларынан басқа барлық облыстарда берілуі керек. «Аталған екі қаланың бас жоспары бойынша жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер жоқ. Басқа өңірлердің бәрінде беріледі», - деп атап көрсетті М.Жайымбетов.

Соңғы жаңалықтар