Халыққа кондоминимум құруға кедергі жасалып отыр - Сүлейменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тұтынушылар құқықтарын қорғауға қатысты негізгі мәселелерді атады.

Халықтың тарапынан кондоминимумды құруға кедергі жасау бойынша арыз-шағымдар да көп түседі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында баспананың сапасы мен басқарушы компаниялардың қызметіне қатысты арыздар көп. Үйлердің сапасы келісімшартта көрсетілген талаптарға сай келмейді. Оған қоса, құрылыс нысандары уақытында пайдалануға берілмейді. Үйді салғандар өздерінің қызмет көрсету компанияларын тықпалайды. Халыққа кондоминимум құруға кедергі жасау әрекеттері де жоқ емес", - дейді Т.Сүлейменов.

Оның айтуынша, тұрғын үй-шаруашылық саласынан бөлек қаржы қызметтері, импорттық тауарлардың қауіпсіздігі мен электронды саудаға қатысты арыз-шағымдар баршылық. "Электронды сауда-саттық саласында тұтынушылардың құқықтары дұрыс қорғалмайды. Себебі сатушы мен сатып алушының жауапкершілігі заңмен бекітілмеген. Электронды сауда алаңдарының нақты мәртебесі де жоқ. Талаптардың жоқтығынан бақылау жүргізілмейді", - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік , отырыс барысында Т.Сүлейменов тұтынушылар құқықтарын қорғауға қатысты жаңа жүйені енгізуді ұсынды. Алайда Премьер-Министр аталған бастаманы әлі де пысықтау қажет деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар