Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық компьютерлік жобалары байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, VI халықаралық Infomatrix-Asia компьютерлік жобалар байқауы сәуірдің 12-нен 15-не дейінгі аралықта Алматы облысында Сүлейман Демирел атындағы университет негізінде өтті. Оған Қазақстаннан, жақын және алыс шет елдерден 450 жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Қарағанды облысынан байқауға 18 оқушы барды.

Байқау жеті номинация бойынша өтті: робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, басқару жүйелері (hardware), қысқа метражды фильм, дрондар жарысы (drone racing) және математикалық жобалар.

Өз №1 Білім-инновация лицей-интернаты, «Мұрагер» және «Дарын» дарынды балалар мектептерінің, Қарағанды қаласы №57 мектеп-лицейінің оқушылары ұсынды. Үздіктер қатарына 8 қарағандылық жобалар да енді.

Infomatrix-Asia халықаралық компьютерлік жобалар байқауының ұйымдастырушысы: «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық, Сүлейман Демирел атындағы университеті.
null

Соңғы жаңалықтар