Халықаралық қазақ күресі федерациясының басшысы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Халықаралық қазақ күресі федерациясының (ХҚКФ) президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бүгін Астанада Халықаралық қазақ күресі федерациясының құрылтай конгресі өтіп, оған әлемнің 35 елінен өкілдер қатысты. Конгресс кезінде федерацияның жарғысы бекітіліп, оған қоса жаңа ұйымның қазақ күресін алдағы төрт жылда дамыту жұмыстарының жоспары қабылданды.
null 

Шара барысында қатысушылардың барлығы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президентігіне Қанат Алдабергенұлының кандидатурасын қолдады. Айта кетейік, ол сонымен қатар ҚР Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметін де атқаруда.

Жиын барысында ХҚКФ президентінің орынбасарлары да сайланды. Жарғыға сәйкес, 5 вице-президент лауазымы қарастырылған. Осы орайда федерацияның бірінші вице-президенттігіне грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров бекітілді. 

Мұнымен қоса, вице-президенттер болып даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, Қытайдағы қазақ күресі федерациясының президенті Айдархан Қабдоллаұлы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев, сондай-ақ Еуропа атынан Ункас Галек (Польша) сайланды.

Шараға қатысқан 35 елдің өкілдері Халықаралық қазақ күресі федерациясының логотипін де бірауыздан бекітті.
null 

Соңғы жаңалықтар