Халықаралық бокс федерациясы Головкинге чемпион сақинасын сыйға тартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясы айқастың алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ерекше сыйлық табыс етті, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.

Головкин IBF-тің үш титулын сәтті қорғағаны үшін бокс ұйымынан сыйлық ретінде чемпион сақинасын алды.

Айта кетейін, Головкин - Мартиросян жекпе-жегі Астана уақытымен 6 мамыр күні таңертең өтеді. Кездесуде қазақстандық боксшының WBA, WBC және IBO чемпиондық белбеулері тігіледі. Алайда, IBF чемпиондық белбеуі ойнатылмайды, себебі ұйым бұл айқасқа санкция берген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар