Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

Халық көмірді мамыр айынан бастап сатып алулары қажет - Құлақов

Халық көмірді мамыр айынан бастап сатып алулары қажет - Құлақов
2017 жылғы 15 қараша 14:03 399

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлеріне көмір тасымалын қамтамасыз ету үшін вагондар саны жеткілікті. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның президенті Оралхан Құлақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 10 айы ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ 83,9 млн  тонна көмір тасымалдады. Бұл өткен жылғы деңгейден 11 млн  тоннаға немесе 15 пайызға артық. Қазақстандық тұтынушылар үшін ел ішінде 56,6 млн тоннасы тасымалданды. Бұл өткен жылғы деңгейден 17 пайыз көп. Биылғы жылдың соңына дейін 107 млн  тонна көмір тасымалдау жоспарланып отыр.  Бұл өткен жылғы деңгейден 17 пайызға артық», - деді компания басшысы.

Оның айтуынша, компанияның Қазақстан өңірлеріне көмір тасымалын қамтамасыз ету үшін вагондар саны жеткілікті.  Қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ паркіне «ҚТТ» АҚ ашық вагондар паркі тартылған. Олардың үлесі Қазақстандағы ашық вагондардың жалпы паркінің  40 пайыздан астамын құрайды.

«Көмір қорларын уақытылы жинау бойынша әкімдіктермен бірлесіп жүргізілген жұмыстардың арқасында Қазақстанның барлық жылу электр стансалары қажетті көмір қоры деңгейімен қамтамасыз етілді. Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігі төңірегіндегі ахуал өңірлерде халыққа арналған көмірді сатып алу және бөлумен кәсіпкерлік құрылымның айналысуынан туындауда. Кей жағдайда олардың жекеменшік вагондары, көмірді сақтау және теңдей бөлу үшін қажетті қоймалары жоқ»,-  деді ол.

Құлақовтың пайымынша, алдағы уақытта көмір тапшылығына қатысты мұндай жайттың орын алуына жол бермеу үшін халық отынды мамыр айынан бастап сатып алулары қажет.

«Көмір жеткізуге байланысты жағдай күнделікті қадағаланып отырғандығын баса айтқым келеді. Көмір тасымалына тапсырыстың қамтамасыз етілуіне тәулік бойы бақылау жасалып,  оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық сала да қамтылған», - деді Құлақов.

 

 

Басты сөздер: Қоғам, Көлік, ҚТЖ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер