Хакерлер Қарағандыдағы мониторларға анайы фильмдер орналастырған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда белгісіз біреулер аялдамаларда орнатылған барлық мониторларға кибершабуыл жасап, әлеуметтік роликтердің орнына бейәдеп фильмдерді қосып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін кешке болды. Қала жастары әкімдік жанындағы «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» аялдамасында көрсетіліп жатқан видеоны ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастырған. Бұдан кейін Қарағанды қаласының әкімдігі барлық көшедегі мониторларды дереу сөндірді.

«Бұл хакерлік шабуылдың салдарынан болды. Аялдамаларда орнатылған мониторлар қазіргі уақытта желіден ажыратылды. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаскөйлер іздестірілуде», - деп мәлім етті Қарағанды әкімдігінен.

 

 

Соңғы жаңалықтар