Хакерлер Франция президентінің Facebook-аккаунтын бұзды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакерлер Франция президенті Франсуа Олландтың Facebook-тегі аккаунтын бұзып, оның парақшасына 7 мамырға белгіленген «Франсуа Олландтың отставкаға кетуінің құрметіне ұйымдастырылған кеш» атты іс-шараға шақыру жариялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.

Шақыру Олландтың ресми парақшасында бір сағат бойы тұрды, кейіннен алынып тасталды. Іс-шараны негізінен «Франсуа Олландтың отставкасы үшін» қозғалысының белсенділері ұйымдастырып отыр. Бірақ аталмыш қозғалыстың Facebook-тегі өкілдері президент аккаунтының бұзылуына қатысы жоқтығын мәлімдеді.

Әлеуметтік желідегі 12 мың қолданушы кездесуге баратындығын белгілеген.

Алайда, «Франсуа Олландтың отставкасы үшін» қозғалысының Facebook-тегі парақшасында президенттің аталмыш кешке шақырған жазбасының скриншоты келтірілген. «Енді біз ресми түрде Франсуа Олландтың қолдауына ие болдық (еш қалжыңсыз)», - делінген қозғалыстың хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар