Хакассияда құлаған метеорит видеоға түсірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хакассиядағы Саяногорск ауданының тұрғындары метеориттің құлағаны түсірілген видеоны жариялады.

6 желтоқсанда ТЖМ Хакассияда  метеориттің құлағанын тіркеді. Сирек кездесетін құбылыстың куәгерлері  түнгі аспанда аса күшті  жарықты көргендерін айтады.

Желіде видеотіркеуші түсірген көріністер пайда болды.

Кадрлардан ұшып келе жатқан метеоритті және аса қуатты жарықты байқауға болады. Жергілікті билік өкілдері  аспан денесінің құлауынан ешқандай өндіріс орны немесе әлеуметтік нысан қирамағандығын мәлімдеп отыр. 

 

Соңғы жаңалықтар