«Хабар» биыл үлкен жеті отандық телеxикаяны ұсынуды жоспарлауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Хабар" агенттігінің басшылығы телеарнаның трансформациясы туралы айтып берді.

"Хабар" агенттігі күзгі телемаусымда медиаxолдингті трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде телеарналардың жұмыс форматы, контенті және ұйымдастыру қызметтері өзгереді.

"Хабар" агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларға, жаңалықтар қызметіне басымдық беріп келеді. Биылғы жылғы маусымның ерекшелігі - енді таңертеңгі және күндізгі жаңалықтарымыз жабылып, оның орнына 1 қыркүйектен бастап, кешкі 19:00-де қазақ тілінде, 21:00-де орыс тілінде күніне бір рет қорытынды жаңалықтар шығып жатыр. Басты өзгеріс - жаңалықтарды біз ақпараттық шоу жанрында беруді қолға алдық. Бір күннің басты тақырыптары, өзекті мәселелері біздің талдамашы-журналистер тарапынан терең зерттеліп, түрлі пікірлерді, түрлі ұстанымдарды беру арқылы және студиядағы жүргізуші сарапшымен түрлі байланыс формаларын қолдану арқылы көрерменге жол тартатын болады. 1 қыркүйектен бастап, жаңалықтар жаңа студиядан, жаңа декорациядан шығып, көрермендерге ұсынылуда", - деді агенттіктің басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Хабар" агенттігінің үлкен дәстүрге айналған "Жеті күн", "Бюро расследований", "Бетпе-бет" арнайы xабары іспеттес бағдарламалар жаңа маусымда формасы мен форматы өзгеріп, жаңа стильде шыға бастады.

"Агенттік әлеуметтік бағдарламаларға маңыз беріп отыр. Қыркүйектің басынан бері біз бірнеше әлеуметтік бағдарламаларды шығара бастадық. Олардың бірі - "Біздің назарда" деген жоба. Біз кез келген тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді бүкіл республикадағы тілшілер қосынын пайдалана отырып, қоғамдық көзқарас тұрғысынан зерттеп, көрерменнің назарына ұсынатын боламыз. Екінші жобамыз - ол "Білу маңызды". Өздеріңіз білесіздер, елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар, қызмет көрсету бағдарламалары мемлекет тарапынан көптеп қабылдануда. Заңға енгізіліп жатқан өзгерістер, азаматтарымызға күнделікті қабылданатын керекті нормативтік актілерді түсіндіру, сауалдар болса, тиісті құзырлы органдардың жауап беруі - осы жобаның басты мақсаты", - деді Р. Кертаев.

Және де "Хабар" арнасы құрылған күнен бастап, әлеуметтік ток-шоулар, қоғамдық ток-шоулар жасаудың көшбасшыларының бірі болып саналады. Бұрыннан келе жатқан "Біздің үй" ток-шоуы түрленіп, жаңа форматта, жаңа тақырыптармен көрерменге жол тапса, жаңа маусымнан бастап, "Давайте говорить" деген аптасына үш рет шығатын әлеуметтік-қоғамдық ток-шоуды көрерменге ұсыну жоспарлануда. Бұл бағдарламалардың басты мақсаты - xалық пен мемлекет арасында тиісті құрылымдар арасында диалог алаңын орнату.

"Сондай-ақ "Хабар" арнасы - отандық телевизиялық сериалдарды түсіретін, осы өндірісті қолға алған еліміздегі негізгі арналардың бірі. Біз биыл жаңа маусымда үлкен жеті отандық телеxикаяның тұсауын кесуді жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айының 17-сінен бастап жаңа сериалдардың керуенін "Өгей жүрек" атты жаңа телеxикая бастайтын болады. Бұл жерде де біз әлеуметтік мәселеге басымдық бердік - жетім балалар мәселесі. Баланы асырап алу мәселесіне ерекше басымдық беріп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жетімін жылатпаған xалықпыз. Өткендегі "Бауыржан", "Күләш", "Құстар әні" сияқты сериалдардың жалғасы ретінде еліміздің мықты тұлғаларына биографиялық сериалдардың түсірілімін жалғастыратын боламыз. Биылғы жылғы біздің жасап отырған сыйлығымыз - ол белгілі композитор, даңқты музыкант Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы сериал болады. Оны біздің көрермендер Тәуелсіздік күні қарсаңында көре алады. Былтыр біз Абай бабамыздың қара сөздерінде, пәлсапасында айтылған ойларына негізделген "Ақылдың кілті" атты үлкен өмір дастаны, эпопея жобасын бастаған болатынбыз. Биыл оның екінші маусымы шығады", - деп түйді сөзін агенттік басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар