Хьюстондағы су тасқыны кезінде 100 мың үй жапа шеккен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Харви дауылы кесірінен болған Хьюстондағы су тасқыны кезінде 100 мың үй жапа шеккен, деп хабарлайды Би-би-си. 

Ішкі қауіпсіздік министрлігінің кеңесшісі Том Боссерттің айтуынша, Ақ үй Конгрестен табиғат апатынан жапа шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін арнайы қаржы бөлуді сұрайды. Себебі жапа шеккендердің көбінің сақтандыруы жоқ.

Дональд Трамп жеке қаржысынан 1 млн. доллар бөлетіні мәлім болған.

Дауыл кезінде кем дегенде 33 адам ажал құшқан. Адамдарды Хьюстонның шығысындағы Бомонт қаласының ауруханасына эвакуациялауға тура келген. Себебі қалада ауыз су беру тоқтатылған. 

Соңғы жаңалықтар