Гүлшара Әбдіқалықова: «Рухани жаңғыру» жолы - Алаш қайраткерлерінің мақсатымен үндес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Алаш қайраткерлерінің мақсатымен үндес. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Рухани жаңғыру: Алаш және Азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алашорда қайраткерлерінің идеясы Азат Қазақстанның мақсат-мүдделерімен жалғасып жатыр деп айтуға болады. Мысалы, Әлихан Бөкейхан «Дүние дене болса да біртіндеп жүзеге асады» деген болатын. Яғни, бұл біздің Елбасының қазіргі дәйекті саясатына қарап айтылғандай. Ахмет Байтұрсынұлы кезінде қазақ әліпбиін ең бірінші болып қолға алған болатын. Енді бүгін Қазақстандағы жақында ғана қолға алынған латын әліпбиін жүзеге асыру мәселелері қаралып жатыр. Латын әліпбиіне көшу еліміздегі басым бағыттардың бірі», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.
null 

Мемлекеттік хатшы сонымен қатар, ұлт зиялыларының бірі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлттың тәуелсіздігін елестету мүмкін емес» деген сөзін келтірді.

«Бүгінгі таңда іске асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстар осы мақсаттарға сай деген ойдамын. Жер жерде ауқымды жиындар, конференциялар ұйымдастырылып жатыр. Әрбір оқу орындарында, ғылыми институттарда Алаш қайраткерлерін жұмыстарын жалғастыру жолындағы ұсыныстар келді. Бүгінгі конференция жасалған іс-шаралардың қорытындысы деп білеміз», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетсек, Халықаралық деңгейдегі жиынға еліміздегі белді алаштанушылар, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Түркия, Ресей, Әзербайжан елдерінен ғалымдар қатысуда. Конференцияның Пленарлық мәжілісі ХХ ғасыр басындағы әлемді сілкіндірген оқиғалар аясындағы Алаш қозғалысының қызметін ашып көрсеткен секциялық басқосуларға ұласпақ. Жиын соңында ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Алаш арыстарын ұлықтау, олардың мұраларын зерттеуді жүйелеп, жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу ісін Алаш мұраттарымен да сабақтастыру мәселелері көрініс тапқан қарар қабылдау жоспарланып отыр.

null 

Соңғы жаңалықтар