Гүлшара Әбдіқалықова «Ла Скала» театрының бас директорымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлемге әйгілі «Ла Скала» театрының бас директоры және көркемдік жетекшісі Александр Перейрамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сізді көргенімізге қуаныштымыз. Елімізде опера өнері, балет өте жоғары бағаланады.  Өйткені «Ла Скала» театрының әлемдік мәдениетте өз орны бар. «Ла Скала» театрының 2014 жылғы алғашқы гостролін әлі  күнге жылы еске аламыз. Сол кезде Дон Кихот балетін тамашалаған едік. Қазақстан бүгінде өз Тәуелсіздігінің 26 жылдығына аяқ басты. Осы жылдар ішінде Президентіміздің басшылығымен мәдениет саласына баса назар аударылып, мәдениетті дамытуға арналған бірнеше үлкен бағдарлама, нақты жобалар жүзеге асырылды», - деді    Мемлекеттік хатшы кездесу барысында.
null  

Сонымен қатар ол Астана опера театры Қазақстанның мәдениет саласындағы шоқтығы биік жетістік саналатындығын және «Ла Скала» театрының тығыз қарым-қатынас орнатқандығын баса айтты.

«Бүгінгі  таңда 18 млн. тұрғыны бар елімізде 52 театр бар. Оның ішінде бірнеше опера және балет театры, драмалық, ұлттық театрлар жұмыс істеп тұр. Ел Президенті театр салып, тек алға ұмтылатын ел ғана тарихи мәдениетке кенде болмас деп атап өткен болатын. Қазіргі уақытта еліміз тұтас ұлт болу жолындағы рухани жаңғыруды бастан кешіруде. Біз мәдениет пен мәдени дамуға арқа сүйейтін боламыз. Сондықтан қазақстандық мәдениетті бүкіл әлемге таныстурға бағытталған үлкен жоба қолға алынады», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
null  

Кездесу барысында тараптар опера және балет өнері саласындағы ынтымақтастықты дамыту «Ла Скала» театрының Қазақстандағы гастролін және «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Италиядағы өнер сапарларын өткізу тәжірибесін кеңейту жайын талқылады.

Мұнан бөлек, жүздесу барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 1-10 күркүйек күндері арасында «Ла скала» театрының толық құрамдағы гастролі өтетіндігін атап өтті.

null 

Соңғы жаңалықтар