Гүлшара Әбдіқалықова дипмиссиясы аяқталған Италия Елшісін қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Италияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіз жұмыс істеген кезеңде жасқы нәтижелерге қол жеткіздік. Әсіресе, 2015 жылы Президентіміздің Миланға, ЭКСПО-2017 көрмесіне сапарын айрықша атап өткім келеді. Сол кезде кездесулерді ұйымдастыруда үлкен рөл атқардыңыз. Әрине, осы уақыттың ішінде экономикалық тұрғыда байланыстарымыз қарқынды жүрді. Италия біздің экономикалық ынтымақтастығымыз бойынша Еуропадаға ең ірі серіктестеріміздің бірі», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова таяуда Италияда парламенттік сайлау өткенін айтты.
null 

«Жаңа Парламент те дипломатиялық корпусымызбен белсенді жұмыс істейді деп үміт артамыз. Сонымен қатар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысқандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Өз павильондарыңызды көрсетіп, жасыл технология, энергия үнемдеу саласындағы озық жетістіктеріңізді ұсындыңыздар», - деді ол.

Мемлекеттік хатшы Стефано Раваньяннан Италияға барғаннан кейін де Қазақстанмен байланысты мәселелерді шешуге көмек береді деп сенетіндігін атап өтті.

«Күн тәртібінде тұрған екі мәселеміз бар. Біріншіден, өзіңіз білетіндей, Еуропалық одақ елдерімен кеңейтілген серіктестік туралы келісім бар. Қазір бұл құжатты 23 ел ратификациялады. Италия да бұл келісімді ратификациялағанын қалаймыз. Екіншіден, Сізді және Сіздің елдің өкілін 2018 жылдың қазан айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне шақырамын», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 9,6 млрд долларды құрады. 2005-2017 жылдардың аралығында Қазақстан экономикасына салынған Италияның тікелей инвестициясы 5,8 млрд долларға жетті. Бүгінде елімізде италиялықтардың қатысуымен 228 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар