Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы» байқауына қатысу үшін Қытайға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан аруы - 2016» Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы» байқауына қатысу үшін Қытайға келді. Қазақстан аруы тіркеуден өтіп, басқа қатысушылармен бірге 18 қараша күні Санья қаласында өтетін халықаралық додоға дайындыққа білек сыбана кірісіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясына сілтеме жасап.



19 жастағы Гүлбану әлемнің көптеген елінің қатысушыларымен танысып, оларға Қазақстан туралы айтып берді. Жуырда «Әлем аруы - 2016» титулының иегері пуэрто-риколық  Стефани Дель Валлемен кездесу өтті. 

"Байқауға келгеніме көп болмады, десе де мұндағы атмосферадан қайран қалып тұрмын. Әр қатысушы өзінше сұлу. Біз достасып та үлгердік, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Бірінші күні-ақ өз елімізден әкелген сыйлықтарымызды тараттық. Қазір салт-дәстүрлеріміз, ұлттық тағамдарымыз бен мәдениетіміз жайлы ой бөлісудеміз. Маған белсенді қолдау көрсетіп отырған отандастарыма алғыс айтқым келеді. Бұл маған күш-қуат және өзіме деген сенім береді", - деді Гүлбану Әзімханова.



Қазір байқауға қатысушылар дайындық жүргізуде, бірақ жақын арада әртүрлі кезеңдер басталады. Оның ішінде спорттық, әлеуметтік және мәдени іс-шаралар бар. Кезеңдердің бірінде "Қазақстан аруы" Арал теңізінің мәселелері мен оны шешу жолдары туралы экологиялық жобаны таныстырады. 

Биыл "Әлем аруының" ұйымдастырушылары форматты аздап өзгертуді ұйғарған. Байқау Head-to-Head Challenge форматында өткізіледі. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әлеуметтік желілер мен интербелсенділікке баса назар аударылады. Финалға тек 40 қатысушы ғана өтеді, олар әртүрлі іс-шаралар мен дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. 



"Әлем аруы" байқауының ең басты міндеті Beauty with a Purpose ("Мақсатқа апаратын сұлулық") атты қайырымдылық жобасы ғана өзгеріссіз қалады. Әрбір жеңімпаз бір жыл бойы ерікті елші болып, әртүрлі елдерге сапарлайды.  «Variety International» халықаралық қайырымдылық қорына қаражат жинау мақсатында бүкіл әлем бойынша қайырымдылық іс-шараларына қатысады. «Variety International» 1928 жылдан бері мүгедектер мен бақытсыздыққа ұшыраған жандарға көмек көрсетіп келеді. 




Соңғы жаңалықтар