Грекия Парламенті ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялады

None
None
АСТАНА-АФИНЫ. ҚазАқпарат - Грекияның үкіметтік газетінде 22 қарашада «Қазақстан Республикасы бір жағынан, ЕО мен оған мүше-мемлекеттері екінші жағынан, арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімін ратификациялау туралы» Заңы жарық көрді, делінген Грек Республикасындағы ҚР Елшілігінің баспасөз баянында.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Грек Республикасы Парламентінің пленарлық мәжілісінде болған дауыс беруде аталған Заң бірауыздан дерлік қабылданды.

2015 жылдың 21 желтоқсанында Астанада қол қойылған «Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген Келісім» екі тараптың қарым-қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін екінші буындағы бірегей құжат болып табылады.

Аталған құжаттың ЕО-ға мүше-мемлекеттер тарапымен толық ратификациялануы мен заңды күшіне енуі екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын барынша кеңейтіп, нығаюына жол ашады. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі, ал екіжақты сауда айналымы жағымды динамиканы көрсетуде.

Сонымен қатар, Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа Келісім екі мемлекеттің өзара инвестициялары мен іскерлік мүдделерін алға жылжытып-қорғауға, және де жалпы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ең қолайлы мүмкіндіктер жасауға негіз болмақ. Жаңа Келісім 29 түрлі саладағы ынтымақтастықты қамтиды. Қазақстан мен Грекия өзара мүдделеріне сай келетін ауқымды мәселелерді заманауи құқықтық негізде диалог құру арқылы тиімді шешуге мүмкіндік алды. 

Соңғы жаңалықтар