«Grand Slam» турнирінде ел намысын 12 дзюдошы қорғайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін «Grand Slam» турнирінде ел намысын 12 дзюдошы қорғайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Дзюдо федерациясының баспасөз орталығы хабарлады.

Айтулы дода алдағы сенбі, жексенбі яғни 20-21 мамыр күндері өтеді. Оған әлемнің 36 елінен 310 дзюдошы қатыспақ. Ал Қазақстан намысын бұл сында 12 дзюдошы қорғайды.

Олар:

Ерлер:

1. Айбек Имашев (60 кг)

2. Асхат Тельманов (60 кг)

3. Әбілхайыр Мауленин (66 кг)

4. Әмірбек Жеңісов (66 кг)

5. Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)

Қыздар:

1. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

2. Әйгерім Төреғожина (48 кг)

3. Айкүнім Түйтекова (52 кг)

4. Кәмшат Қарасайқызы (57 кг)

5. Анна Старченко (57 кг)

6. Әйгерім Мұратәли (63 кг)

7. Аэлита Щербакова (70 кг)

Соңғы жаңалықтар