«Гранд Астана» тұрғын үй кешеніндегі пәтер отқа оранды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінде бір пәтерлі-студия өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 60 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтердің жанып кеткенін растады.

«60 шаршы метрлік пәтерде өрт болды, ешкім зардап шекпеді. Бұл пәтер-студия еді», - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар