Горилланың әсерлі биі Желі қолданушыларын таң қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде горилланың суға шомылып, әсерлі билеп жатқаны түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Mashable.

Жануардың козғалысы қызықты болғаны соншалық, видео әп-сәтте Желі қолданушыларының арасында танымалдылыққа ие болды.

Роликте горилланың суы бар ваннада әсерлі билеп жатқаны керемет бейнеленген. Бұл жануар мыңдаған желі қолданушыларының жүзіне күлкі үйірді.

Еске салайық, өткен жылы Ұлыбританияның Твайкросс зообағындағы горилла балерина сияқты билеп жұртты таң-тамаша еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар