Google Play-ден вирусты қосымшаларды 2 миллион адам жүктеген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат ­- Екі миллион адам Google Play-ден вирусты қосымшаларды жүктеген, деп хабарлайды Доктор Веб компаниясы . 

«Доктор Веб» компаниясының вирус жөніндегі аналитиктері Google Play каталогынан Android.RemoteCode.106.origin трояндық бағдарламасы енгізілген бірнеше қосымшаны тапты.

Аталған жұмыстарды бұзатын бағдарлама өздігінен түрлі веб-сайттарды ашады, сайттардағы жарнамалық баннерлерге білдірмей өтеді. Бұдан тыс, вирус фишинг-шабуыл жасауға, құпия ақпараттарды ұрлауға да пайдаланылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар