Google Play-де «Қазақстан Премьер-Министрінің» қосымшасы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google Play дүкенінде «Kazcontent» АҚ жасаған «Қазақстан Премьер-Министрінің» қосымшасы жарық көрді. Енді Қазақстан Республикасы Үкімет басшысының жиналыстары мен кездесулерін онлайн көрсетілім арқылы тамашалауға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің өмірбаяны, Үкімет мүшелерінің құрылымы мен мемлекеттік органдармен танысуға болады. Қосымша үш тілде жасалған: қазақша, орысша және ағылшынша.  Қосымшаның көлемі 14,93 мб.

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Бақытжан Сағынтаев тағайындалды.  
null  

Соңғы жаңалықтар