Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Google мәліметтерді іздеу жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен орай логотипін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Логотип (Doodle) Қазақстан Республикасының Туымен түстес және онда  қанат жайып тұрған бүркіт бейнеленген.

Еске сала кетейік, былтыр да Google осы мәндес құттықтау жолдаған еді. Бірақ ол жолы логотиптің ортасында «Алтын адам» бейнеленген болатын.

Дудл - арнайы мерекелер мен маңызды даталардың құрметіне арнайы шығарылатын логотип.

Соңғы жаңалықтар