Google интернеті баяу елдерге арналған іздеу бағдарламасын ойлап тапты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Гугл компаниясы желіге қосылу жылдамдығы төмен дамушы елдерге арналған Search Lite атты жаңа бағдарламасын тексеріп жатыр. Әзірге іздеу жүйесінің «жеңілдетілген» түрін Google Play дүкенінен Индонезия тұрғындары ғана көшіріп ала алады, деп жазды hitech.vesti.ru.

Жаңа бағдарламаны жақын арада Үндістан да бастырып алу мүмкін болады.

Android Police хабарлауынша, Search Lite-тың мүмкіндіктері Google-дың негізгі бағдарламасымен бірдей: қолданушылар интернеттен мәтін және дауыс арқылы іздей алады, шет тілдеріне аударма жасау мүмкіндігі бар және жаңалықтар мен ауа райын оқиды.
null 

Дегенмен, Search Lite-тың әдемі анимация мен виджеттері жоқ. Бағдарлама қосылғаннан кейін қолданушылардың алдында тек «жалаң» іздеу жолағы тұрады, ал барлық ақпарат үй экранындағыдай жинақталған тор белгішелер түрінде беріледі. Мамыр айында I/O конференциясында Gооgle-дың бас директоры Сундар Пичаи Android-қа «келесі миллиард қолданушыны» тарту туралы айтқан болатын. Бұл стратегия интернет пен смартфонды пайдалану көрсеткіші төмен кедей елдердің қолданушылары арқылы жүзеге аспақ.

Осы жылдың ақпан айында компания YouTube-тың офлайн нұсқасын шығарды. Ол жүйенің әдеттегі Android бағдарламасынан ерекшелігі видео көшірілмейді және желі жоқ жерде көрсетілмейді. Сонымен қатар, Google Android-тың басқалардан аз пайдаланылатын Android Go - лайт-нұсқасына жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар