Гонконгте Мао Цзэдун портреті $12,7 миллионға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Энди Уорхол салған бұрынғы ҚХР төрағасы Мао Цзэдун портреті Sotheby's аукционында 98,5 миллион гонконг долларына сатылды (12,69 миллион АҚШ доллары), деп хабарланды аукцион үйінің сайтында.

Алғашында аукцион ұйымдастырушылары портрет үшін 11,6-15,5 миллион АҚШ долларын алуды жоспарлаған.

Портрет 1973 жылы салынған. Кенептің өлшемі 127 және 106,6 сантиметр. Оны акрил бояуымен және кенепке жібекбаспа әдісін қолдану арқылы әзірлеген, деп жазды РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар