Голубев: Отандық теннисті дамыту жобасының бір бөлшегі сезінемін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - President's Cup үш дүркін жеңімпазы Андрей Голубев Қазақстан турнирге бәсекеге қабілетті құраманы шығарды деп есептейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

«Біздің турниріміздің деңгейі өсуде, құрамы жылдан жылға күшеюде, қатысушы елдер географиясы кеңеюде. Турнир қазақстандық теннис үшін айтулы оқиғаға айналды. Біздің команда құрамы жақсы. Ең бастысы, қыздарымыз бен ұлдарымыз өте көп. Олар рейтингісі жоғарыспортшылармен күш сынаса алады», - деді А.Голубев. Теннисші «Президент Кубогы - 2017» турниріне қазақстандық спортшылардың дайындығына қатысты осылай мәлім етті.

Ол Қазақстанда теннистің дамуына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.

«Қазақстанның әр аймағында теннис орталықтары салынған. Елімізде көңіл бөліп отырған ең маңызды аспект - балалар теннисін дамыту. Ересектер мен балалар үшін жаттықтырушылар құрамы құрылуда», - дейді теннисші.

2008 жылы ресейлік бір топ теннисшілермен бірге (Ксения Первак, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Евгений Королев) азаматтығын ауыстырып, Қазақстан атынан шыға бастады.

А.Голубевтің сөзінше, ол және өзге де теннисшілер өз таңдаулары үшін өкінбейді.

«Қазақстан тарапынан теннис пен теннисшілерге деген қолдау жоғары екенін атап өткім келеді. Біз, бір топ жас ресейлік теннисшілер бұл елге келгенде өзімізді спортты дамыту бойынша үлкен жобаның бір бөлшегі ретінде сезіндік. Мен үшін және өзге де спортшылар үшін бұл жобаның бөлшегі болу өте мәртебелі деп айта аламын. Біз мұны қатты бағалаймыз. Қазақстан теннисінің қалыптасуына және дамуына өзіміздің кішігірім үлесімізді қосып жатқанымызды білу - жанымызды жадыратады. Қазақстанға келгеніме еш өкінген емеспін», - деп ағынан жарылды Андрей Голубев.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін ұлттық теннис орталығында републикалық теннис федерациясының ұйымдастыруымен«Президент Кубогы - 2017» халықаралық турнирінің ашылуы өтті.

ATP Challenger және ITFWomen's сериясының жарысы Қазақстан Астанасында осымен 19 рет өткізілуде.

Қазақстан Президент Кубогын 50-ден астам елден келген 200-ден астам спортшы сарапқа салады. Оның ішінде ТОП-100 әлемдік рейтингісіне енген бірнеше теннисші бар.

Жарыстың жүлде қоры - $225 000. Бас жүлдеге әйелдер мен ерлер таласады.

Қазақстан намысын Астана кортында Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Александр Бублик, Анна Данилина және Кәмила Керімбаева қорғайды.

Әр жылдары President's Cup-та қазақстандық Андрей Голубев (үш мәрте) Михаил Кукушкин және Галина Воскобоева (жұппен) жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар