Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Головкиннің жекпе-жегі Қарағандыда үлкен LED-экрандардан тікелей көрсетіледі

Головкиннің жекпе-жегі Қарағандыда үлкен LED-экрандардан тікелей көрсетіледі
2017 жылғы 14 қыркүйек 00:24 1484

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада орта самақ дивизионындағы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Алварестің көптен күткен жекпе-жегі өтеді.

Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден 17 қыркүйек күні (уақыт айырмашылығына байланысты) көрсетеді. Белгілі болғандай, Головкин мен Альварестің айқасы сағат 8.50-де басталады.

Геннадий Головкин туып-өскен Қарағанды қаласында жекпе-жекті тамашалау үшін үлкен ЛЭД-экрандар орнатылады. Тікелей трансляциялар үш жерде - Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда, Жаңа Майқұдық шағынауданындағы  Мәдениет үйінің алдында және Достық үйінің алдында ұйымдастырылады.

Сонымен қатар трансляция С.Сәпиев атындағы Бокс орталығында да өтеді. Онда кіру ақылы болады. Билеттердің құны - 500, 800, 1 500 және 3 000 теңге. 

Еске салайық, аталмыш жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

Қазақстандық боксшы өзінің "The Telegraph" газетіне берген сұхбатында өзінің бас жекпе-жегін әкесі мен бауырлары Вадим және Сергейге арнайтынын айтты. 

9 қыркүйекте Геннадий Головкин мен оның жұбайы Алина қызды болды. Бұл Головкиннің отбасындағы екінші бала, тұңғыштары Вадим сегіз жаста.

 

 

 

 

 

Басты сөздер: Геннадий Головкин, Қарағанды облысы, Спорт, Бокс,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер