Головкиннің жаттықтырушысы реваншқа қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын реванштың мерзіміне қатысты өзінің пікірін білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Том Леффлер Golden Boy-мен  келіссөздерін жалғастыруда және оның қорытындысы туралы жақын арада білетін боламыз. Мамыр айында реванш өткізу үшін қандай талаптарды орындау керектігін мен әлі білмеймін», - деді Санчес World Boxing News-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин - Альварес реваншы 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Жекпе-жекті қабылдауға Лас-Вегас, Даллас (100 мыңдық AT&T Stadium аренасы) және Нью-Йорк қалалары үміткер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар